С.Абдрахманов «Журналист жүгі» көшбасшылық дәрісін өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

С.Абдрахманов «Журналист жүгі» көшбасшылық дәрісін өткізді

12.11.2021

Бүгін Алматыда Мәжіліс депутаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, отандық журналистикаға сүбелі үлес қосқан Сауытбек Абдрахманов «Журналист жүгі» көшбасшылық дәрісін оқыды. Сауытбек Абдрахманов – кино өнері туралы мақалалардың, шығарма портреттердің, сұхбаттардың және бірнеше деректі фильмнің авторы. Қаламгердің 70 жылдық мерейтойына орай өткен шараға қоғам және өнер қайраткерлерімен қатар жас тілшілер де қатысты. «Кездесудің мақсаты - ақпарат саласында еңбек етуді көздеген болашақ журналистерге бағыт-бағдар беру, танымал қоғам қайраткерінің еңбек жолымен таныстыру»- дейді ұйымдастырушылар.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, журналист: 
Бұл жұмыс ел көргізеді, жер көргізеді, адамдармен араластырып-құраластырады. Осы тұрғыдан қарағанда, бұл ерекше кәсіп. Оны қадірлей алған адам ,оның соңына түскен адам еліне еңбек ете алады деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу