Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді

12.11.2021

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин бейнеконференция арқылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесіне қатысты. Үкімет басшысы ТМД елдерінің «пандемиядан кейінгі даму» күн тәртібіне көшуі барысына тоқталды. Мәселең Халықаралық валюта қорының соңғы болжамдарына сәйкес, ТМД-ның барлық экономикалары 2021-2022 жылдары өндірістің пандемияға дейінгі көлеміне жетеді. Үкімет басшысы қазірдің өзінде достастық кеңістігіндегі сыртқы сауда көлемі өсіп келе жатқанын айтады. Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында ТМД шеңберіндегі Қазақстан тауар айналымы 20 млрд долларға жетіп, 27% пайызға өсім байқалған. Онлайн жиында ТМД аясындағы экономикалық өзара іс-қимылдың жан-жақты мәселелері талқыланды. Үкімет басшыларының кезекті кеңесін келер жылы мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланып отыр.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
ТМД елдерінде баламалы көлік бағыттарына сұраныс артқан. биылғы жылдың алғашқы 9 айында ҚХР – ЕО бағыты бойынша транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемінің шамамен 40%-ға өсіп, 600 мыңнан астам жиырма футтық эквивалентті көрсетті. Осы орайда аграрлық Өнеркәсіптік кешен өнімдерін өзара бірлесіп өндіру және оны сыртқы нарықтарға шығару жұмысын күшейту қажет. Трансшекаралық хабтар мен көтерме-тарату орталықтарына сүйене отырып, Бірыңғай тауар өткізу желісінің әлеуетін іске асыру аталған жұмыстың маңызды бағыты болуы тиіс.


Хабарламаларға жазылу