Маңғыстау облысында шаруалардың бәріне бір реттік көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында шаруалардың бәріне бір реттік көмек көрсетіледі

12.11.2021

Маңғыстау облысындағы шаруалардың барлығы аналық мал басы үшін берілетін қаржылай көмекті түгел алуы тиіс. Өңірде төрт түлігін тіркемеген қожалықтар әлі де бар. Сондықтан мал басын ресми тіркеген соң олардың бәріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмек. Маңғыстау ауданындағы шаруалардың жағдайын көрген әкімдік өкілдерінен шаруалар шем-шөптің бағасын арзандатуды сұрады. Өйткені онсыз да қуаңшылықтың салдарымен күресіп жатқанда қымбатшылық қалтаны қаққан. Қазір өңірде бір орам шөп 15-18 мың теңге, 1 түк шөп 1200-1500 теңге аралығында сатылуда. Бір қап кебек 2100 теңге, ал арпа 3800 теңгеден. Қазір ауданда қыстық қорда 2 мың тоннадай шөп, 240 тонна кебек бар.

Әділбек Сағындықов, Жыңғылды ауылының тұрғыны:

Сырғалау дегеннің бағасы 680 теңгеден әр малға. Мен 680 теңгеден сырғалауға мүмкіндігім болған жоқ. Себебі  ол ақшаға жем-шөп алуым керек. Сондықтан мен сырғалау мен «жасыл дәлізден» қалып қойдым. 


Хабарламаларға жазылу