Сенат өнеркәсіптегі қауіпсіздік мәселесін көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат өнеркәсіптегі қауіпсіздік мәселесін көтерді

12.11.2021

Өнеркәсіпте қауіпсіздік талаптарын бұзған өндіріс орындары басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Бүгін Сенатта өткен Үкімет сағатында осындай ұсыныс жасалды. Депутат Сергей Ершов әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін де көтерді. 

Нысаналы Ығыл, тілші:
Өнеркәсіп төңірегіндегі мәселе өте өзекті. Соңғы 5 жылда мемлекет қадағалауындағы кәсіпорындардағы апат 30%-ға өскен. Талдау қорытындысы өндіріс орындарындағы техногендік апаттың жиілегенін және арта беретінін көрсеткен. Демек, зауыттардағы жабдықтардың тозығы жеткен. Уақытылы жаңғыртуға селқостық танытып отыр. Сол үшін жауапкершілікті күшейту керек, яғни мемлекеттік инспектордың өмірі мен денсаулығын сақтандыруды, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедек болған жағдайда оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қамтамасыз ету маңызды. Мұны ұлттық жобаға енгізу ұсынылды. Сондай-ақ жуырда Абай шахтасында болған апат сенаторлардың назарында. Депутаттар алдағы апта Қарағандыға барып, жағдайды бағамдаймыз деп отыр.


Хабарламаларға жазылу