Павлодарда лауазымды тұлға пара алғаны үшін 7 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда лауазымды тұлға пара алғаны үшін 7 жылға сотталды

12.11.2021

Павлодар облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары 7 жылға сотталды. Ал оған пара берген кәсіпкер 1 жыл 6 ай мерзімді қамақта өткізеді. Онлайн режимде өткен сот отырысын мемлекеттік қызметкерлер экраннан көріп отырды. Бұл - оларға сабақ болуы тиіс дейді ашық көрсетілімді ұйымдастырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері. Себебі лауазымды қызметкер мүгедек жандарға бөлінген мемлекеттік қаржыдан өз пайдасын тауып қалуды көксеген. Сөйтіп ноутбуктер сатып алу конкурсына қатысқан бизнесменді ымыраға шақырып, 15 млн теңге пара алған

Назымбек Бекжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

Қандай жазаға тартылғаны айтылды. Біздің бірінші мақсатымыз - барлық мемлекеттік қызметкерді болашақта осындай қылмыстық іс болмауына шақырамыз. Жаман әрекеттен аулақ болуға, жемқорлыққа бет бұрманыздар.


Хабарламаларға жазылу