Сингапурда вакцинасы жоқ науқастарға тегін ем көрсетілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сингапурда вакцинасы жоқ науқастарға тегін ем көрсетілмейді

09.11.2021

Сингапур бұдан былай коронавирусқа қарсы вакцина алмаған науқастарға тегін ем көрсетпейді. Келесі айдан бастап ковид жұқтырған, алайда екпе алмаған азаматтардың медициналық есеп-шоттарын төлеу тоқтатылады. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір ковидке қарсы егілмеген науқастар саны артып, олар денсаулық сақтау саласына ауыртпалық түсіріп отыр. Иммундалмағандарды тегін емдеу желтоқсанның 8-де тоқтатылады. Бұл талап 12 жасқа толмаған балалар мен денсаулығына байланысты екпе алуға болмайтын тұлғаларға тарамайды.

Айта кету керек, Сингапур халқының 85 пайызы ковидке қарсы толық иммундалып, 18 пайызы қосымша вакцина алған. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу