Министр рақымшылық кімдерге жасалатынын айтты
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай рақымшылық жарияланатынын бұған дейін хабарлаған едік. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев темір тордан кімдердің босап шығатынын айтты. Оның сөзінше, рақымшылыққа әуелі орташа және жеңіл қылмыс жасаған адамдар ілігеді. Сосын кәмелет жасына толмағандар, кәрілік жасына жеткендер, І, ІІ топтағы мүгедектер мен жүкті және кәмелетке толмаған балалары бар әйелдердің жазасы жеңілдетілмек.
Министрдің айтуынша, осы шара аясында мыңға жуық сотталушы мен пробациялық бақылаудағы 3 мыңнан астам адам босатылады. Сонымен бірге, бұл рақымшылықтың екінші бөлігі – жаза мерзімін азайтуға арналады. Осылайша жаза өтеу орындарындағы 1300 адамның және пробациялық бақылаудағы 7 мың адамның жаза өтеу мерзімі азайтылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09