Халық санағы аясында жүргізілген нақтылау жұмысы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық санағы аясында жүргізілген нақтылау жұмысы аяқталды

08.11.2021

Халық санағы аясында жүргізілген нақтылау жұмысы аяқталды. Негізгі кезең мен тиянақтау қорытындысына сай 19,6 миллионнан аса респондент қамтылған. Белгілі себептермен санаққа қатыса алмағандарға sanaq.gov.kz сайты, e-Gov порталы және Aitu мобильді қосымшасы арқылы толтыруға мүмкіндік берілді. Енді ұлттық статистика бюросы деректерді өңдеуге кіріскен. Алдын ала нәтиже желтоқсанда жарияланады. Елде тұрақты тұрып жатқандардан бөлек 12 айдан аса уақытқа шетелге іссапармен шыққандар, келісімшарт негізінде бір жылдан кем мерзім шетелге кеткен отандастарымыз, және «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттер санақтан өтті.

Сондай-ақ, шетелге шыққан туристер, елде жүрген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындар да қамтылды. Бұл арқылы Қазақстандағы нақты және тұрғылықты халықтың есебі шығарылмақ. Респонденттердің 42 пайыздайы онлайн-санақ функциясын пайдаланды.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу