Алматылық дәрігерлер ревакцинация жасауға кеңес беріп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық дәрігерлер ревакцинация жасауға кеңес беріп отыр

08.11.2021

Алматылық дәрігерлер ревакцинация жасауға кеңес беріп отыр. Мамандар қала бойынша түсіндіру жұмыстарын қолға алды. Коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы бірінші кезекте кімдерге салынады? 

Жазира Оразқызы, тілші:

Алматыдағы ревакцинация мәселелері қозғалған брифингте ең бірінші кімдерге жүргізілетіні айтылды. Мәселен, дәрігерлер созылмалы аурулары бар, иммунитеті төмен және 65 жастан асқан қарт кісілерге үшінші дозаны алу қажет екенін алға тартып отыр. Сондай-ақ, ревакцинация медицина мамандары, педагог, жабық мекеме қызметкерлеріне жасалуы қажет. Үшінші дозаны вакцинация курсынан толық өткеннен кейін 6-9 ай аралығында салу ұсынылды. Ревакцинация үшін екпенің тек бір дозасы қолданылады.

Эльвира Ибрагимова, Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары:

Ревакцинация не үшін жасалады? Адам ағзасында ай сайын антидене мөлшері азаяды. Әрі коронавирустың мутацияланған штамдары да қауіп төндіруде. Сондықтан екпенің екі компонентін алғандарға ревакцинация жасауға кеңес беремін.

Жазира Оразқызы, тілші:

Алматыдағы жалпы вакцинацияға да тоқталсам, бір тәулік ішінде 2 компонентті мыңға жуық адам салдырған. Ал жаппай вакцинациялау басталғалы тек 1 компонентті алғандар 1 млн адамнан асқан. Қазір мегаполисте 137 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. Алматыдағы жалпы эпидаухалға тоқталсам, коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайды. Соңғы тәулікте 135 адамнан инфекция табылған. Инфекциялық стационарларда 885 науқас, оның ішінде 28 бала емделіп жатыр. 100-ге жуық науқастың жағдайы ауыр деп отыр дәрігерлер.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу