Ақтаудағы жарылыстан 70 метр радиустағы ғимараттың бәрі қирады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы жарылыстан 70 метр радиустағы ғимараттың бәрі қирады

08.11.2021

Ақтаудағы жарылыстан 70 метр радиустағы ғимараттардың бәрі қирады. Сондай-ақ, дәл сол маңда кетіп бара жатқан 11 көлік бүлінген. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері шұғыл брифингте айтты. Жарылыс болған аумақта үйінділерді әлі аршып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше кешкі 21:30 шамасында 2 қабатты ғимаратта жойқын жарылыс болды. Мамандардың болжамы бойынша, ауаға газ таралған болуы мүмкін. Жарылыс осы ғимараттағы асханада болған.

Нұрлан Жаңабаев, Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:

Жергілікті атқарушы органдардан 21 техника, 100 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, барлық құтқарушы, полиция департаменті қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Тазалау және үйінділерді ашу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытқа дейін зардап шеккендер немесе қаза тапқандар тіркелген жоқ.


Ақтаудағы жарылыс ақтау жарылыс аянат

Хабарламаларға жазылу