«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі жұмысын бастады

08.11.2021

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі жұмысын бастады. 4 республикалық телеарна, 14 аймақтық арна және 4 радионы біріктірген БАҚ саласындағы ең ірі медиақұрылым телевизия және радио саласының мамандарын даярлауды қолға алды. Оған қатысу үшін журналистика, медиатехнология, кино және телевизия факультетінің 3, 4 курс студенттерінен жүзден астам өтініш келіп түскен. Оларың 35-і іріктеуден өтіп, медиамектептен тағылымдама алуға мүмкіндік алды.

Қатысушылар 6 ай бойы «Qazaqstan», «Qazsport», «Abai TV», «Balapan» телеарнасы және «Қазақ радиолары» мамандарынан шығармашылық және техникалық бағытта ақысыз негізде білім алады. Студенттерге алғашқы дәрісті Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай мен Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының жетекшісі Жалғас Алтаев және тележүргізуші, журналист Альбина Әшім өткізді. Медиамектептің ең үздік қатысушыларына еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясында бастауға мүмкіндік берілмек.

Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы:

«Қазақстан» корпорациясы - телевизиялық кез келген саладағы бағыт бойынша, кез келген мамандық бойынша нағыз шеберлердің, ең тәжірибелі мамандардың шаңырағы. Сондықтан да біздің жинаған тәжірибемізбен, түйген білімімізбен бөлісетін уақыт келді деп есептедік. 3-4 курс студенттерінен осы бір топты жинақтап алып, нақты практикалық дүниелерді үйретуді қолға алып отырмыз. Бірінші кезекті өзімізге болашақ ізбасарарларды, болашақ мамандарды толық деңгейде дайындауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, студенттер үшін де өте пайдалы.  


Хабарламаларға жазылу