Шымкентте «Әкелер мектебі» форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Әкелер мектебі» форумы өтті

05.11.2021

«Әкеге қарап ұл өсер». Осындай атаумен Шымкентте әкелер мектебінің VІ республикалық форумы өтті. Президент жанындағы отбасы-демографиялық саясат және әйелдер ісі жөніндегі комиссия ұйымдастырған шараға депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты. Форумда «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» тақырыбындағы ұлттық зерттеу нәтижелері жарияланды. «Отбасы және дін», «Балаларды спортқа тәрбиелеу», «Мектептердегі әкелер кеңесінің жұмысын жандандыру» сияқты біршама тақырыпта қызу пікірталас туды. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді шешуге байланысты ұсыныс-пікірлер айтылды. Оның бірі - ер азаматтардың Отан, ата-ана, отбасы алдындағы жауапкершілігін арттыру үшін міндетті түрде әскери борышын өтеуге жауапты ету ұсынысы.

Бақытбек Смағұл,  ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Жігіттік сипатты әскер ғана береді. Жігіттің қажырлылығы, шыдамдылығы. Болашаққа сену үшін оған жол аша білу керек. Қиындыққа төзе білу керек. Ол кезде ата-анаға деген, елге, сүйген жарға деген махаббаттың барлығын әскерде үйренеді. Ер азаматтың шынайы келбеті ашылады.


Хабарламаларға жазылу