Нұр-Сұлтанда жас көшбасшылар құрылтайы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда жас көшбасшылар құрылтайы басталды

05.11.2021

Дәстүрлі шараға «Білім-Инновация» лицейлеріндегі өзін-өзі басқару ұйымы жетекшілері қатысып жатыр. Олар өзара тәжірбие алмасып, жаңа жобалары жайлы айтады. Кез келген білім мекемесінде жастар ұйымының маңызы зор. Олар сапалы білім, саналы тәрбие беруде ілкімді істер атқаруға белсенді қатысып келеді. Алайда жастардың көшбасшылық қабілетін заманға сай ұштап отыру маңызды. Құрылтайға қатысу үшін өңірлерден 40-қа жуық оқушы келген. Олар Парламент пен министрліктердің жұмысын де көріп қайтады. Басты мақсат - жастардың бойындағы көшбасшылық қабылетті дамыту.

Асанәлі Ақман, 10-сынып оқушысы:

Жас көшбасшы құрылтайы бізге жан-жақты дамуымызға көп үлес қосып, лицейлер арасында тәжірбие алмасуға, достықты ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр. Екі күндік бағдарлама аясында бүгін Сенатқа барамыз. Ертең Білім және ғылым министрімен кездесеміз.

Мухаммадали Ибрагимов, «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры төрағасының бірінші орынбасары:

Бұрынғы, 90 жылдардағы және қазіргі мектеп президенті  мүлдем басқа. Өйткені жаңа технологияны, қазіргі заманға сай жаңа әдіс-тәсіл білу керек. Бұрын мобилография, әлеуметтік желі болмады. Қазір олар барлық күшін салып, жан-жақты болып, бүкіл елге, мектебіне, сол аймақтағы білім саласына үлес қосу керек.


Хабарламаларға жазылу