Солтүстік Корея: Мектептерде коронавирусқа қарсы шаралар күшейтіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея: Мектептерде коронавирусқа қарсы шаралар күшейтіліп жатыр

05.11.2021

Солтүстік Корея мектептерінде коронавирусқа қарсы шаралар күшейтіліп жатыр. Оқушылар сабаққа кірмес бұрын маска тағып, қолды жууға, дене қызуын өлшетуге тиіс. Сонымен қатар, дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, сыныптан тыс шаралар көбейді. Балалар Пхеньяндағы оқушылар сарайында ән айтып, оркестрде ойнап, таэквандоға қатыса алады.

Айта кету керек, бұл елде бірде-бір ковид жұқтыру дерегі ресми түрде жарияланған жоқ. Осыған қарамастан, карантин енгізіліп, шекара жабылып, қозғалыс шектелген. Яғни пандемия Солтүстік Кореяға да жетті деген болжам айтылып отыр.

Арыстан Рысбек


Солтүстік Корея коронавирус

Хабарламаларға жазылу