Латвияда екпе салдырмаған қызметкер жұмыстан шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латвияда екпе салдырмаған қызметкер жұмыстан шығарылады

05.11.2021
0:00:00
0:00:00

Латвиялық жұмыс берушілер екпе салдырмаған қызметкерді жұмыстан шығаруға құқылы. Парламент өкілдері тиісті заңға түзету енгізу туралы ұсыныс жасады. Оны депутаттардың басым бөлігі қолдады. Заң жобасында жұмыс беруші қызметкерден Ковид-сертификатын талап ете алатыны жазылған. Басшылық талап қойған соң, жұмысшы он күн ішінде екпе салдыруы тиіс. Егер ол 15 қарашаға дейін екпе алмаса, жұмыс беруші жұмыстан шығара алады. Тағы бір ерекшелігі - заңда екпе алмаған маманға қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беру жағы қарастырылған. Заң жобасы президент бекіткен соң күшіне енеді.


Хабарламаларға жазылу