Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді

03.11.2021

Нұр-Сұлтанда көктайғақтың кесірінен бір тәулікте 125 жол көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 3 адам зардап шеккен. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің мамандары мәлімдеді. Яғни ауа райының қолайсыздығы мен жолдарда мұз қатуы оқыс оқиғаларға себеп болған.

Мәселен, бүгін таңғы сағат 07:00-ден бері 30-дан астам жол апаттары тіркелген. Ал кеше кешкісін ауыр жүк көлігі құрылысы аяқсыз қалған LRT  бағаналарының біріне соғылған. Көлік тізгінінде 36 жастағы қала тұрғыны болған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Мамандар көлік иелері мен жаяу жүргіншілерді аса сақ болуға шақырады.


Хабарламаларға жазылу