Ұлттық парктерді қорғау заңы күшейді
Елімізде ұлттық парктердің аумағын ластағандарға жаза күшейді. Енді мемлекет қорғауындағы табиғи аймақтарға қоқыс қалдырып немесе ағаш отаған жағдайда салынатын айыппұл көлемі екі есе өсті. Жаңа заңнамаға сәйкес қоршаған ортаға зиян келтіргендерге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал, мұндай дерек екінші рет тіркелетін болса айыппұл тағы екі еселенеді. Жалпы, елімізде ерекше қорғалатын аумақтың көлемі 26,2 млн гектар аумақты құрайды. Бұл ел аумағының 10 пайызына жуықтайды.
Данияр Тұрғанбаев, ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары:Бізде парктер шеру деген акция бар, елмен, студенттермен, оқушылармен жұмыс істеп, үгіт насихат жұмыстарын жетілдіруді жоспарлап жатырмыз, Бұл ең бастысы экологиялық тәрбиеден деп ойлаймыз.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар «Қаражорғаға» билеп, флешмоб ұйымдастырды
13.04.2026, 17:39
Ақтөбелік оқушылар гүл өсіруді үйреніп жатыр
13.04.2026, 17:38
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздармен толықты
13.04.2026, 17:37
Брюссельде қазақ мәдениеті кеңінен насихатталды
13.04.2026, 17:35
Тарихшы: Дала заңдары жаңғыртылуы қажет
13.04.2026, 17:33
Өсімдік қауызынан қалдықсыз өнім шығарылады
13.04.2026, 17:30
Жас ғалымдардың еңбектері таныстырылды
13.04.2026, 17:27
eGov.kz электрондық үкімет порталына 20 жыл толды
13.04.2026, 17:25