Солтүстік Қазақстанда 145 елді мекен жарықсыз қалды
Солтүстік Қазақстан жылу-электр орталығында ірі апат болды.
12 қазандықтың үшеуі істен шықты. Салдарынан 7 аудандағы 145 елді мекен және Петропавл қаласының жартысына жуығы жарықсыз қалды. Жылу-электр стансасынан шығатын ыстық судың температурасы төмендеп, жылыту жүйесіне де кері әсер етті. Компания өкілдері жағдайды қондырғылардың тозуымен түсіндірді. Жылу-электр орталығы 60 жыл бұрын салынған еді. Апат салдарынан жарықсыз қалған абоненттер саны 37 мыңнан асты.
Бақыт Iлиясов, СҚО энергетика және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:Бір қазандық іске қосылды. Нәтижесінде облыстың екі ауданына жарық берілді. Қалғаны жөнделіп жатыр. Бүгін түнгі 10-ға дейін мәселе толықтай шешіледі деп ойлаймыз. Бұл күтпеген жағдай. Оның қайталанбайтынына ешкім кепілдік бере алмайды.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00