Қызылордада апиын жасайтындар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада апиын жасайтындар ұсталды

02.11.2021

Қызылордада есірткіні қан тамыры арқылы егетін «экстрациялық апиын» әзірлейтіндер құрықталды. Олар қала орталығындағы көпқабатты тұрғын үйдің пәтерін есірткі дайындайтын ошаққа айналдырған.

Полицияның жедел жасағы қылмыскерлердің кезекті «апиын дозасын» әзірлеп жатқанда үстінен түскен. 68 жастағы қала тұрғыны сыбайласымен бірге ұсталды. Пәтерді тінтіп-тексеру барысында есірткі қайнататын ыдыстар, медициналық шприцтер айғақ зат ретінде табылды. Ал ұсталған күдіктілер уақытша абақтыға қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу