2025 жылға қарай ішкі нарық дәрі-дәрмекпен 50%-ға қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2025 жылға қарай ішкі нарық дәрі-дәрмекпен 50%-ға қамтылады

28.10.2021

Әлемдік ондыққа кіретін швейцариялық фармкомпания Қазақстанда өз өндірісін ашады. Онкологиялық препараттар шығарып, әлеуметтік маңыздағы ауруларды диагностикалау орталығын іске қоспақ. Ондай салалық кәсіпорындардың ашылуына Үкімет қолдау білдіреді. Вице-Премьер Ералы Тоғжанов фармацевтика саласының саңылағы саналатын өндірушілермен келіссөз жүргізіліп жатқанын айтты.

Президент 2025 жылға дейін ішкі нарықты дәрі-дәрмекпен 50 пайызға қамту үдесінен шығуымыз керек, деді. Яғни жергілікті мамандар озық технологияны игеріп, отандық өндірісті көбейту мақсаты тұр. Ал қысқа уақытта өндірілген QazVac вакцинасын 43 ел алуға ниет білдіріп отыр. Бірақ мемлекет екпе түрлерін арттыруға мүдделі. Ол үшін денсаулық сақтау, білім және ауыл шаруашылығы институттарының басы құралған холдинг ашылмақ.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

 Әрі қарай жұмысты жалғастыру керек. Вакцина тек қана коронавирустың айналасында емес, көптеген басқа аурулардың түрлері бар. Соның ішінде 21-ге жуық вакцинаны Қазақстан сырттан алып жатады. Сондықтан оның бәрін өзімізде шығаруға байланысты холдингтің алдына нақты тапсырманы береміз.


Хабарламаларға жазылу