Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктер қайта бөлінеді. Дәл қазір Сенатта осы мәселе туралы заң жобасы палатаның жалпы отырысында қаралып жатыр. Депутаттар бірінші оқылымда осы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды талқылайды.
Заң жобасы жекелеген функцияларды Үкіметтен орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға беруді көздейді.