Әсіресе анестезиолог-реаниматолог, педиатр, акушер-гинеколог, психиатр, сәулелік диагностика мамандары жетіспейді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, маман тапшылығының туындауына дәрігерлердің көршілес Ресейге, Нұр-Сұлтан қаласына көшуі, резидентураға оқуға түсуі және басқа салаға ауысуы себеп.
Әсіресе мамандардың жетіспеуі 2016 жылы анық байқалды. Ол кезде 400-ге жуық дәрігердің орны бос тұрды. Қазір өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарында 1 400-ге тарта дәрігер және 5 мыңнан астам орта медицина қызметкері еңбек етеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстанда 300-ге тарта дәрігер тапшы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/147248/)