Көмірден толықтай бас тарту үшін 650 млрд доллар керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көмірден толықтай бас тарту үшін 650 млрд доллар керек

27.10.2021

Қазақстан 2060 жылға дейін көмірден толықтай бас тарту үшін 650 млрд доллар керек. Бұл жөнінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі мәлімдеді. Серікқали Брекешев алдағы 40 жылда төмен көміртекті технологияларға инвестиция тарту керек дейді.

Атап айтсақ, электр және жылу энергиясын өндіру секторына 305 млрд доллар, көлік саласына 167, тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі саласына 65, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен ауыл шаруашылығына 49 млрд доллар қажет. Сәйкесінше, көмір, мұнай мен газ өндіру секторларына инвестиция қысқармақ. Өйткені келешекте ұзақмерзімді бұл ресурстарға сұраныс төмендейді.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Қазақстан 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуге ниетті екенін айтқан еді.

Серікқали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

Декарбонизация үшін қаражат тартудың барлық тәсілі қарастырылады. Америкалық банктер ақша беруге дайын. Бұл жөнінде бір ай бұрын ғана АҚШ президентінің климат жөніндегі арнайы өкіл Джона Керр айтқан. Ол 4-5 трлн доллар бөлеміз деген еді.


Қазақстан көмір Экология

Хабарламаларға жазылу