Суданның премьер-министрі резиденциясына оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суданның премьер-министрі резиденциясына оралды

27.10.2021

Суданда әскерилер биліктен аластатқан премьер-министр Абдалла Хамдук тұтқыннан босатылып, отбасымен Хартумдағы резиденциясына оралды. Содан кейін оған АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен хабарласып, қамаудан босатылуына қошемет білдірді. Дегенмен ұсталған өзге министрлердің қайда екені әзірге белгісіз.

Сейсенбі күні генерал Әбдел Фаттах әл-Бурхани мәлімдеме жасап, әскерилердің билікке келгенін жариялады. Оның сөзінше, мұндай төңкеріс азаматтық соғысқа жол бермеу үшін қажет болған. Ал азаматтық үкіметті қайтаруды талап етушілер мемлекет астанасында шеруге шығып, наразылық білдіріп жатыр. Олар қазанның 30-да жаппай көтеріліске шығатындарын ескертті.

Судан армиясының билікті күшпен алуын Біріккен Ұлттар Ұйымы, АҚШ, Еуропа одағы, Араб лигасы айыптады.

Арыстан Рысбек


Судан резиденция

Хабарламаларға жазылу