Шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдерінің қауымдастығы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдерінің қауымдастығы құрылды

27.10.2021

Отандастар қоры жанынан шетелде қазақ тілінде ақпарат тарататын тілшілер қауымдастығы құрылды. Қордың вице-президенті Мағауия Сарбасовтың айтуынша, дүниежүзінде 88-ге жуық қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралы бар. Енді қауымдастық өкілдерімен жылына бір рет кездесу өтеді. Сонымен бірге отандық байқауларға шетелде жүрген қандастарымыз да қатыса алады. Қауымдастық осы жұмысты жақын арада жолға қоятынын жеткізді.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу