Ауғанстанда әйелдер білім алу және жұмыс істеу құқығын талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда әйелдер білім алу және жұмыс істеу құқығын талап етті

26.10.2021

Ауғанстанда бүгін бір топ әйел білім алу және жұмыс істеу құқығын талап етіп шеруге шықты. Наразылық акциясы арқылы олар халықаралық қауымдастықтың назарын шешілмей жатқан осы проблемаға аударуды көздейді. Қолдарына плакат ұстап, ұрандар тастаған демонстранттарды Талибанның қаруланған мүшелері таратып жіберді. Айта кетері - тәліптер Ауғанстанды екі айдан астам уақыт бойы басқарып келеді. Дегенмен, қыздардың оқуды жалғастыру, әйелдердің үкіметтегі лауазымдарға тағайындалу мәселелері әлі шешімін тапқан жоқ. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу