Ұлыбританияда бензин бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда бензин бағасы қымбаттады

26.10.2021

Ұлыбританияда бензиннің орташа құны 142,94 пенске дейін көтерілді. Бұл - соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Пандемиядан кейін елдегі өмір қалпына келе бастағанда сұйық отынға деген сұраныс ұсыныстан асып кетті. Мұнайдың бағасы артып, бензин әлі де қымбаттайды деген болжам бар. Бұл кіріс көзі төмен отбасылардың қалтасын қағып, ел экономикасына кері әсерін тигізбей қоймайды, дейді мамандар.

Саймон Уильямс, Корольдік автомобиль клубының өкілі:

Сонымен қатар бағаның шарықтауына бензиннің құрамында биоотынның көбеюі де әсер етіп отыр. Қыркүйек айында Ұлыбританияның қоршаған ортаны ластау деңгейі төмен Е10 жанармайына көшкені белгілі. Ал ол өз кезегінде бензиннің бағасына әсер етпей қоймады.


Ұлыбритания бензин

Хабарламаларға жазылу