Түркия 10 елдің елшіcін отанына қайтармайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия 10 елдің елшіcін отанына қайтармайтын болды

26.10.2021

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Батыстың 10 мемлекетінің елшілерін отанына қайтару шешімінінен бас тартты. Өйткені АҚШ, Германия, Канада, Дания, Норвегия, Швеция, Франция, Финляндия, Нидерланды және Жаңа Зеландия өкілдері өзге елдердің ішкі істеріне араласпайтынын мәлімдеген.

Олар мұндай шешімді Вена конвенциясының дипломатиялық қатынастар жайлы 41-бабына сәйкес қабылдап отыр. Батыс 4 жылдан бері сотсыз түрмеде отырған қоғам қайраткері Осман Каваланы босатуды талап еткен еді.

Осыған ашынған Ердоған елшілерді «персона нон-грата» деп жариялап, ішкі істер министрлігіне оларды Түркия аумағынан шығару туралы тапсырма берді.

Арыстан Рысбек


Түркия елші

Хабарламаларға жазылу