Өзбекстанда кезекті президент сайлауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда кезекті президент сайлауы өтті

25.10.2021

Кеше Өзбекстанда кезекті Президент сайлауы өтті. Таңғы 8.00-де басталып кешкі 8.00-де аяқталған саяси науқанға халықтың 80,8 пайызы қатысты. Белсенділік жоғары болды ал, сайлауда ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ деді Орталық сайлау комиссиясының өкілдері. Қазір дауыс санау процесі жүріп жатыр. Алғашқы алдын-ала қорытынды Өзбекстан уақытымен бүгін сағат 16.00-де жарияланады. Айта өтейік, бұл көрішіміздегі алтыншы Президент сайлауы. Оған бес саяси партияның серкелері үміткер ретінде тіркелді. Ал, доданы алыс-жақын шетелден келген елу елден астам елдің бақылаушыларымен қатар, жаһандық аренада ықпалды он шақты халықаралық ұйымның өкілдері бақылады. Және ел астанасы Ташкенттен 1600-ден астам тілші ақпарат таратты. Оның ішінде шетелдік журналистер көп болды.  

Хабарламаларға жазылу