Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің медиафорумында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсіретін «Қорқыт ата» телехикаясы туралы талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің медиафорумында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсіретін «Қорқыт ата» телехикаясы туралы талқылады

24.10.2021

Түркияда Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Кемелбек Ойшыбаев пен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басшысы Ләззат Танысбай Түркияның ірі медиахолдингі «TRT» басшысы Мехмет Собаджимен кездескен, вице-министр медиа саласы мамандарын оқытуды ұйымдастыру және бірлескен контент құру саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы айтқан.

Сонымен бірге «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсіруді жоспарлап отырған «Қорқыт ата» телехикаясы талқыланған. Өз кезегінде М.Собаджи бірлескен жоба құруды зерделеуге дайын екенін білдірді. Негізі Стамбулда Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің медиафорумы өтті. Форумның алғашқы күнінде Ләззат Танысбай күллі түркітілдес елдерді жобаға атсалысуға шақырған болатын.

Ал былтыр Түркия мен Әзірбайжан арасында құрылған тұңғыш медиа платформаға Түркі кеңесіне мүше басқа да мемлекеттер қосыла алады. Түркия Президенті жанындағы Байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтунның айтуынша, бүгінге дейін медиа платформаның құықтық негізі қаланып, жұмыс механизмі нақтыланған. Медиа платформа бауырлас елдер арасында ақпарат алмасуды жеңілтеді.

Үш күнге созылған форум қатысушыларына Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бейнеүндеу жолдады.


Хабарламаларға жазылу