«VIP» автонөміріне қызығушылар көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«VIP» автонөміріне қызығушылар көбейген

22.10.2021

Елімізде қымбат көліктерге ғана емес, «VIP» нөмірге де қызығушы жүргізушілер көбейген. Биыл жұрттан ерекшеленгісі келетін мұндай автосүйгіштер 15 мыңнан астам нөмірді 4 миллиард 300 миллион теңгеге сатып алған.

Бұл өткен жылға қарағанда әлдеқайда көп. Ол кезде 9 айда 9 мың нөмір сатылған. Ал бағалы автонөмір алғандардың көшін алматылықтар бастап тұр. Одан кейінгі орында Шымкент жүргізушілері мен елордалықтар тұр. Ал солтүстік қазақстандықтар керісінше вип нөмірлерге аса қызығушылық танытпайды екен.

Айта кетейік 001, 777 секілді бағалы нөмірлердің құны 166 мыңнан 850 мың теңгеге дейін барады.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу