Жамбыл облысында екпенің бірінші компонентін салдырғандар 80 пайыздан асты. Дегенмен індетті түбегейлі жеңуге бұл жеткіліксіз, дейді коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі азаматтық штаб мүшелері.
Препараттар туралы жалған ақпарат таратып, көптің сеніміне селкеу түсіретіндер әлі де бар. Сондықтан «Ел үшін егілемін» штабы жұмысты күшейтпек. Қазір екпенің тиімділігін түсіндіру шаралары барлық облыстар мен аудандарда жүргізіліп жатыр.
Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:
Вакцинаның басты мақсаты - ауруды 100 пайыз жұқтырмайсың деген сенімділік бермейді. Оның мақсаты - өлімге алып бармау, ИВЛ аппараттарына жеткізбеу. Ауруды жұқтырғанның өзінде жеңіл ауырып өтуге мүмкіндік береді.