Қызылордада 26 адам Кеңес үкіметінің төлқұжатымен жүрген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 26 адам Кеңес үкіметінің төлқұжатымен жүрген

22.10.2021

Қызылорда облысында 26 азамат осы күнге дейін Кеңес үкіметінің төлқұжатымен жүрген. Көші-қон қызметі олардың құқықтық мәртебесін анықтап, жаңа құжат рәсімдеп берді.

Жыл басынан бері облыста 65 адамға жеке басын куәландыратын құжат жасалған. Мұнан бөлек, 34 шетелдік өңірде тұрақты тұруға өтініш тастап, сұранысы қанағаттандырылған. Олардың басым бөлігі - өзге елден келген қандастар мен шетел азаматтарына тұрмысқа шыққан әйелдер.

Жалпы, республика бойынша 6 мыңнан аса құжатсыз жүрген азамат анықталған. Осы орайда көші-қон қызметі құқықтық мәртебесі жоқ тұрғындарды заңға сәйкес құжат рәсімдеуге шақырады.

Ғани Шымырбаев, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің басқарма бастығы:

Қызылорда облысының аумағында мүлдем құжатсыз жүрген азаматтар өздерінің тұратын жері бойынша көші-қон қызметі бөліністеріне немесе үкіметтік емес ұйымдардың облыстағы филиалдарына жүгінуге шақырамыз.


Қызылорда Кеңес үкіметі төлқұжат

Хабарламаларға жазылу