Суданда әскери билікке қарсы шеруге мыңдаған адам қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суданда әскери билікке қарсы шеруге мыңдаған адам қатысып жатыр

22.10.2021

Судан астанасы Хартумда мыңдаған адам шеруге шығып, әскерилерден билікті түгелдей азаматтық етуді талап етіп жатыр. Осылайша, елде генералдар мен демократияшыл топтардың арасындағы тайталас өршіп барады.

Демонстранттардың бір бөлігі парламент үйінің жанында қауіпсіздік күштерінің шабуылына ұшырағандарын айтып отыр. Ондаған шеруші ауруханаға түсіп, олардың екеуіне оқ тигені анықталды.

Суданда 2019 жылы президент Омар әл-Башир режимі құлатылғаннан азаматттық және әскери үкімет кейін құрылды. Алайда, өткен айда әскерилер төңкеріс жасап, билікті өз қолына түгел алмақ деген хабар тарағаннан кейін халықтың армия басшыларына наразылығы күшейіп келеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу