Лицензиясынан айырылған 9 банк таратылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лицензиясынан айырылған 9 банк таратылады

22.10.2021

Елімізде лицензиясынан айырылған 9 банк енді таратылады. Олар - «Валют-Транзит», «Қазинвест», «Delta», «Эксимбанк Қазақстан», «Астана Банкі», «Qazaq», «Tengri», «AsiaCredit» және ««Capital Bank». Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, банктер салымшылармен толығымен есеп айырысуға міндетті.

Сонымен бірге барлық қаржы операциясын аяқтап, салық бойынша қарызын өтеуі шарт. Осы міндеттерді бақылап, іске асыру үшін агенттік банктерді тарату комиссиясын құрды.

Комиссия қаржы ұйымдары атынан әрекет етеді. Таратылатын банктің ғимараттары, өзге жылжымайтын мүлкі аукцион арқылы ғана сатылады.


Хабарламаларға жазылу