Сенатта мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы заң жобасы қаралды
Сенат мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы заң жобасына түзетулер енгізді. Бұл өзгерістер саладағы заңнаманы одан әрі жетілдіруді көздейді. Оның ішінде конкурс өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға баса мән берілген.
Заң жобасы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлатып, артық реттеуді жоюға жол ашады. Сондай-ақ сенаторлар заң жобасын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа нормалармен толықтырды.
Түзетулер қару-жарақты сақтау және оны жою жолдарын реттеуге бағытталған. Бұдан бөлек заң жобасына отандық ғылымды дамыту мақсатында бірқатар өзгеріс енгізілген.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
Сенат қабылданған түзетулер Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында белгіленген ғылым саласын одан әрі дамытуға қатысты тапсырманы іске асыруды көздейді. Атап айтқанда, базалық қаржыландыру арқылы еліміздің жетекші ғалымдарына еңбекақы төлеу, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізетін ғылыми ұйымдарды тікелей қолдау үшін қаржыландырудың жаңа түрін енгізу ұсынылып отыр. Бұған қоса, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру мерзімін үш жылдан бес жылға дейін ұлғайту ұсынылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бала асырап алу ережелері өзгерді
19.03.2026, 20:59
Сауалнама: Қазақстандық елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді оң қабылдап отыр
19.03.2026, 20:57
Конституция мемлекет дамуындағы жаңа белесті айқындап берді
19.03.2026, 20:55
Еріктілер 300 түп көшет отырғызды
19.03.2026, 20:53
Digital Nauryz студенттік форумы өтті
19.03.2026, 20:51
Топтық кезең ойындары аяқталды
19.03.2026, 20:49
Денсаулық сақтау жүйесін реформалау күшейтілмек
19.03.2026, 20:47
Молдова және Украина елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
19.03.2026, 20:45