Ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігі 2,5 есе артады
Ұлттық жоба арқылы ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігі 2,5 есе артады. Өсімдік өсірушілердің республикалық слетында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай деді.
Құжатта өңделген өнім үлесін 70%-ға жеткізіп, экспортты 2 есе арттыру жоспары да қаралған. Елімізде өсімдік шаруашылығы саласында слет алғаш рет өткізіліп отыр. Кездесу халықаралық аграрлық көрме аясында ұйымдастырылған. 300-ден аса жетекші маман агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамытудың негізгі проблемаларын талқылады.
Қайнар Абасов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Статистикаға жүгінсек, 80 пайызға дейін техника ескіріп отыр. Жаңарту бойынша техниканың қымбатшылығы, несиенің дер кезінде болмауы кедергі болып отыр. Шаруалар көбейген сайын, субсидия саны да өсіп отыр. Бәрінің есебін жасап, шаруаға дер кезінде жеткізу үшін ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселесі шешілуі керек.
Шолпан Қожабаева, «ExpoGroup» халықаралық көрме компаниясының директоры:
Қазақстан – аграрлық ел. Сондықтан осы секторды ары қарай дамытатын бірден-бір шара осы деп есептеймін. Бұл шарада біз мал шаруашылығының барлық процесін көрсетуге тырысамыз. Мақсатымыз - фермер мен өндірушінің арасындағы қарым-қатынасты тығыз жақындату.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13