Астанада киіз басу өнері таныстырылуда

16.01.2014
Астанада киіз басу өнері таныстырылуда

Көшпенді қазақтың киіз басу дәстүрі ұмыт бола бастады. Оюлы түскиіз бен киіз-сырмақтарды, киіз қоржындарды, сандыққаптар мен әшекей бұйымдарды ата-бабамыз қыздың жасауына қосқан. Текеметін төсеніш ретінде қолданған. Осы үрдісті жаңғырту мақсатында бүгін Астанада көрме өтті.

 
Іс-шараны «Дала арулары» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Қазақтың киіз кілемдеріне ең көп басылатын оюдың түрі - «қошқар мүйіз»  ырзық-несібенің, өркендеудің, мол берекенің нышаны саналған.  
 
Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Қақаған суықта, боранды күнде, аптап ыстықта, жауын-шашында, үйінің төбесін жабатын киіз-үйдің негізгі құралы. Ол сонымен бірге астымызға төсеніш, тоңғанда үстімізге жамылатын жамылғаш ретінде өз міндетін атқарған.
 
 
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу