«Facebook» атауын өзгертуді жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Facebook» атауын өзгертуді жоспарлап отыр

20.10.2021

«Facebook» компаниясы атауын өзгертуі мүмкін. Мұндай мәлімет «Verge» порталында пайда болды.

Жаңа есім корпорацияның метағалам құру ниетіне сәйкестендірілмек. «Фейсбук» басшысы Марк Цукерберг бұл өзгеріс жайында қазанның 28-де өтетін конференцияда жариялауы мүмкін.

Оның пікірінше, метағалам шығармашылық мамандықтар қызметкерлеріне кеңейтілген мүмкіндіктер береді. Бұған қоса тамызда компания «Хорайзн Уоркрумс» атты виртуалдық кеңселерін көпшілік назарына ұсынған еді.


Хабарламаларға жазылу