Ұлыбританияда «Дельта» штамының жаңа түрі пайда болды
Ұлыбританияда коронавирустың «АУ.4.2» деп аталатын жаңа түрі пайда болды. Инфекция «Дельта» штамының бір түрі саналғанымен, оған қарағанда 10-15 пайызға тезірек тарайды. Ғалымдар бұл штамм өте қауіпті болуы мүмкін деп дабыл қағуда. Елде екпе науқаны да бәсеңдеп қалған. Қазір бізбен тікелей байланысқа Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова шығып тұр.
Марина Бекенова, тілші:Күн сайын елде шамамен 50 000 жағдай тіркеліп жатыр. Бұл шілде айының ортасынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бұған сақтық ережелерін ұстанбайтын халықтың бейқамдығы себеп. Мысалға метрода бетпердесіз жүрген жолаушы көп. Ғалымдардың пайымдауынша, қыста ковидтің шарықтау кезеңі алдыңғы жылдағыдай өрши түсуі мүмкін.
Саджид Джавид, Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі:Індет қыс айларында күшейіп, Ұлттық денсаулық сақтау қызметіне салмақ түскелі тұр. Ковид жағадан алса, маусымдық тұмау етектен тартуы мүмкін. Сондықтан қазір біз коронавирусқа ғана емес, тұмауға да қарсы ауқымды вакциналау бағдарламасын жүргізіп жатырмыз.
Індеттің қайта белең алуының тағы бір себебі халықтың иммунитетінің әлсіреуінде. Вакциналау жүргізілгеннен кейін біраз уақыт өткендіктен ағзаның вирусқа қарсы күші әлсірей бастаған. Екіншіден, көпшіліктің алған AstraZeneca екпесі ковидтен қорғаныш болғанымен Pfizer сияқты анау айтқандай қауқарлы емес. Әсіресе, «Дельта» штамына әлсіз. Айтпақшы, елде «Дельта» штамының тағы бір түрі саналатын «АУ.4.2» вирусы пайда болған. Ол Дельтаға қарағанда 10-15 пайызға тезірек тарайтын көрінеді. Үкіметтегілердің айтуынша, бұл әлі дәлелденбеген факт, бірақ мәселе жіті бақылауда.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05