Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің 3-кезеңі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің 3-кезеңі аяқталды

20.10.2021

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің 3-кезеңінің қорытындылары жарияланды. Үшінші сынаққа 514 үміткер қатысқан. Алайда ситуациялық тапсырмаларды шешу сынынан тек 235 адам сүрінбей өтті. Енді олар 25 қазаннан бастап төртінші кезеңде екі түрлі тапсырмадан тұратын сынақ тапсырады.

Айта кетейік, Президенттік жастар резерві тікелей Мемлекет басшысының бастамасымен 2019 жылдың күзінде қолға алынды. Оның басты мақсаты -  мемлекеттік билік жүйесінде білікті басшылардың жаңа буынын қалыптастыру.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу