Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды

20.10.2021

Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды. Пәтер терезесінен шыққан түтінді сол маңайдағылар көріп, бірден 101-ге хабарласқан. Оқиға орнына дереу жеткен мамандар зардап шеккен азаматқа жедел медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтап үлгерді. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.


Хабарламаларға жазылу