Қарағанды облысында құмай тазылар жарысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында құмай тазылар жарысы өтті

19.10.2021

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысында «Жаңаарқа Жамалы» деген атаумен құмай тазылар жарысы өтті. Аңшы қыз Жамал Аппарова - осы өлкенің тумасы. Бала күнінен әкесіне еріп, саятшылықты жанына серік еткен. Жарысқа ол да өзінің итін қосты. Жалпы сайысқа 70-ке жуық құмай тазы баптаушылар қатысты. Ұлттық құндылық жанашырларының айтуынша, еліміз бойынша 1000-нан астам тазы бар. Соның ішінде іріктелген құмайларының саны 300-ден асады. Соңғы жылдары Жаңаарқа ауданының Атасу, Ақтүбек, Ералиев және Түгіскен ауылдарында тазы өсірумен айналысатындар көбейген. Бұл жолы Атасу кентінің тұрғыны Заңғар Құттыбайдың бағы жанды. Ол мұнда үш бірдей итін әкеліпті. Құмайларының бірі бас жүлдені жеңіп алды .

Заңғар Құттыбай, Жарысқа қатысушы:

Бұған да бір күтім керек. Өзінің арнайы тамақтары бар. Дәрумен беріп тұрамыз. Кешке бір мезгіл серуен. Анда-санда аңшылыққа шығып тұрамыз. Бұл  күшік кезінен алғыр болған.


Хабарламаларға жазылу