Ақмола облысында қан донорлары тапшы. 2 жылда олардың қатары екі есе азайған. Өңірдегі қан қорының қажетті көлемін сақтап тұру үшін күніне 30-35 адам донор болуы керек. Ал қазір орташа есеппен небәрі 15 адам қан тапсырады.
Дәрігерлердің айтуынша, соңғы жылдары қанға сұраныс артқан. Жүрек-қан тамырлары ауруы көбейген, анемия, жол-көлік оқиғаларында жарақат алғандар да аз емес. Қан қорын толтырып отырмаса, салдары қиын болуы мүмкін, дейді мамандар.
Ботагөз Әбеева, облыстық Қан орталығы директорының орынбасары:
Облыстық әкімдікте донарлықты насихаттаудың өңірлік жоспары бекітілді. Жергілікті бюджеттен ынталандыру үшін әр донорға қосымша 0,75 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша беріледі. Осындай көмек республика бойынша екі облыста ғана бар. Десе де, донорлар өте қажет.