Қызылорда облысында сәбиін қоқысқа тастап кеткен безбүйрек ана іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында сәбиін қоқысқа тастап кеткен безбүйрек ана іздестірілуде

19.10.2021

Қызылорда облысы Төретам кентінде қоқыс арасынан шала туған шақалақтың денесі табылды. Оны көпқабатты үйдің ауласында тазалық мекемесінің жұмысшысы тауып алған.

Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Байқоңыр қаласындағы қазақстандық полиция өкілдігі қызметкерлері безбүйрек ананы іздестіріп жатыр. Бір күн бұрын ғана Шымкент қаласында да тап осындай жағдай болды. Бұл дерек бойынша да полиция тергеу әрекеттерін жүргізуде.


Хабарламаларға жазылу