Ақтөбеде вакцина салдырмай, жұмыс істеп жүрген қызметкерлер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде вакцина салдырмай, жұмыс істеп жүрген қызметкерлер анықталды

19.10.2021

Ақтөбеде екі компания қызметкерлерінің вакцина салдырмай, жұмыс істегені анықталды. Оларға қатысты ақпарат эпид бақылау басқармасына 11 қазанда түскен. Ал вакцинасыз жұмысқа келгендерге шара қабылдау туралы жаңа қаулы 16 қазанда күшіне енген. Мониторингтік топ өкілдері жауапқа тарта алмағанын айтады.

Өңірде коронавирусқа қарсы екпе алмаған жұмысшылардың еңбекке араласу тәртібі тексеріліп жатыр. Талапқа сәйкес, азаматтар жұмысқа ең болмағанда вакцинаның бірінші компонентін салдырғанын растайтын құжатпен келуі керек.


Хабарламаларға жазылу