Шаруалар астықты неге экспорттай алмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаруалар астықты неге экспорттай алмай жатыр

17.10.2021

Биыл құрғақшылыққа байланысты астық былтырғыдан әлдеқайда төмен болады деген болжам жасалған, қанша тонна астық жинадық? Екінші маңызды сұрақ – тоннасы қанша теңгеден экспортталады?

Жалпы, эксперттердің пікірлерін тыңдасақ, бізде бағаны жасақтау формуласы дұрыс емес. Қазақстандық нарық әлемдік баға факторларын ескере отырып қалыптаспайды, негізінен Ресей астығының бағасын негізге алады екен. Сонымен бірге үкімет баж салығын енгізеді деген хабар шыққан, әйтеуір енгізбеді.

Бір жағында бизнес, оның ішінде бейнет кешкен ауыл адамдары, екінші жағында нан басты тағамының бірі болып табылатын халық тұратын «таразы». Бұл таразыда «қарақ» қалай жасалып отыр? Амангелді Сейітхан зерделеп көрді.


Хабарламаларға жазылу