Йеменде әскери қақтығыстан 140 адам қаза тапты
Йеменнің орталығындағы Мариб провинциясында әскери жанжал күшейіп барады. Мұнда осы аптада үкімет әскері мен шиит-хуситтер арасындағы соғыстан кемінде 140 адам мерт болды. "Ассоушиэйтид пресс" агенттігінің хабарлауынша, бұл аймақ - мемлекеттің бақылауында. Бірақ, Иранға арқа сүйеген оппозиция күштері өткен тәулікте оның бір ауданын алуға кіріскен. Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы Йемен армиясына көмектесу үшін елге 2015 жылы кірді. Ал, одан бір жыл бұрын шииттер мемлекет астанасы Сананы басып алды. Бұл соғыстан мыңдаған адам қаза тауып, миллиондағаны ашаршылыққа ұшырап, Йемен қазір гуманитарлық дағдарысқа душар болып отыр. Ал, хуситтер қазір мұнайға бай Марибті жаулауға күш салып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «Нұр шашу» атты халықаралық көрме ашылды
13.04.2026, 20:45
Бозжыра шатқалында визит орталық құрылысы аяқталды
13.04.2026, 20:42
«Aq Niet» ерікті дәрігерлер тобы жұртты тегін емдеп жүр
13.04.2026, 20:35
Қостанай облысында 31 адамды кене шаққан
13.04.2026, 20:34
Covid-19: Жаңа штамм анықталған жоқ
13.04.2026, 20:33
Биыл 400 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
13.04.2026, 20:30
Алаяқтықтың дені интернет арқылы жасалады
13.04.2026, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
13.04.2026, 20:16