Жазушы Тұрсын Жұртбай 70 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Тұрсын Жұртбай 70 жасқа толды

15.10.2021

Ұлы Абайды, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовті, Алаш қайраткерлерін зерттеуші Тұрсын Жұртбай 70 жаста. Мерейлі дата қарсаңында Елордада «Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға қатысқан Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Тұрсын Жұртбайдың жазушылық, шығармашылық жолына тоқталып, оның ғалым ретінде атқарған ауқымды жұмысын атап өтті. Мемлекеттік хатшы ғалымның екі томдық «Дулыға» тарихи-танымдық кітабының берер тағылымы мол екенін, «Бейуақ», «Бесігіңді түзе!..», «Талқы», «Мухтар Омарханович Ауэзов», «Құнанбай», «Сүре сөз» еңбектерінің ғылыми құндылығы аса жоғары деп баға берді. Ал «Ұраным – Алаш!..» атты үш томдық зерделі зерттеуінің шығуы рухани дүниемізге үлкен серпіліс әкелді. Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Жандос Әубәкір, «Абай» академиясының директоры:
Тұрсын ағамыздың шығармашылығы жан-жақты. Әсіресе, Абайтану, Мұхтартанудағы, жалпы Шәкәрімтанудағы еңбегі ұшан-теңіз.


Хабарламаларға жазылу