Жапонияда премьер-министр байлық теңсіздігін жоюға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда премьер-министр байлық теңсіздігін жоюға ниетті

15.10.2021

Жапонияның жаңа премьері Фумио Кисида елде "капитализмнің жаңа үлгісін" орнатуға ниетті. Соның аясында үкімет басшысы байлық теңсіздігін жоюға бағытталған стратегия дайындайтын кеңес құрды.

Кисиданың жаңа экономикалық саясаты экс-премьер Синдзо Абэнің ынталандыру шаралары мен байлықты компаниялардан халыққа қайта бөлу әрекетін жалғастырады.

Үкімет басшысының сөзінше, күшті экономикалық өсімге қол жеткізу үшін тек нарықтық бәсекеге арқа сүйеу жеткіліксіз, себебі оның пайдасын жапондықтардың барлығы бірдей көрмейді. Сондықтан, Кисида бірінші орында байлық теңсіздігін жоюға баса назар аудармақ. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу